Өзбекстандағы президенттік сайлау күні жарияланды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан президентін сайлау 2015 жылдың 29 наурызында өтеді, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан.

Бүгін отырыста президентті сайлау күнін 2015 жылдың 29 наурызына белгілеу шешімі қабылданып, бұл күнге дайындық және оны өткізу бойынша негізгі шаралар бағдарламасы бекітілді.

ОСК сондай-ақ 26 желтоқсаннан бастап республика президентін сайлау бойынша сайлау науқанының басталғаны жөнінде жариялады.

Соңғы жаңалықтар