Өзбекстандағы президент сайлауында дауыс беру аяқталды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда өтіп жатқан президент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ташкент уақытымен 20:00-де Өзбекстан президентін сайлауда дауыс беру ресми түрде аяқталды. Комиссия мүшелері дауыс санауды бастады.

ОСК мәліметіне сай, сағат белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты Еуропа елдеріндегі және АҚШ-тағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жолығуда.

Сайлаудың алдын ала мәліметі 25 қазан күні жарияланады.

Еске сала кетейік, бүгін Өзбекстанда президент сайлауы өтті. 17:00-дегі жағдай бойынша (Ташкент уақытымен) Өзбекстан президентін сайлауда 14 258 780 адам дауыс берді. Жалпы дауыс беруші контингент 19 859 127 адам десек, бұл соның 71,8%-і.

Сайлауда бес үміткер бақ сынауда. Оның ішінде қазіргі президент Шавкат Мирзиёев бар. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 проценттен көп дауыс жинауы керек.


Соңғы жаңалықтар