Өзбекстандағы қазақтардың Кіші құрылтайы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ мен «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн форматта Өзбекстандағы қазақтардың Кіші құрылтайын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитетінің бөлім басшысы Феруз Беков, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Өзбекстандағы қазақ-мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, сондай-ақ «Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстан мен Өзбекстанның қоғамдық, мәдени бірлестіктерінің өкілдері және басқалар қатысты.

Іс-шара барысында министр Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Қазақстан үшін бауырлас ел екенін атап өтіп, біздің елдерімізде тілдер мен дін, мәдениет пен руханият бір-бірімен байланысты екенін атап өтті. Екі мемлекет арасындағы белсенді өзара қарым-қатынасы мен шетелдегі қандастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

З.Тұрысбеков өз сөзінде этникалық қазақтардың Өзбекстанда өмір сүруінің тарихи аспектісіне тоқталып, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды және мәдени-рухани байланыстарды нығайтуды ерекше атап өтті, сондай-ақ өзбек тарапына шетелдегі қандастарға қатысты қазақстандық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Шетелде қазақтардың Кіші құрылтайын өткізу тәжірибесі Қазақстан мен басқа елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған, сондай-ақ шетелдегі отандастарға салт-дәстүрлерді сақтауға, қазақ тілін үйренуге және мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыруға арналған.



Соңғы жаңалықтар