Өзбекстандағы Қазақстан жылының шаралар жоспары бекітілді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы Қазақстан жылын өткізу шараларының жоспары бекітілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Өзбекстандағы меншікті тілшісі.

Орталықазиялық І экономикалық форум аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен Өзбекстан Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ачилбай Раматов екіжақты келіссөздер өткізді. Оның барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-саттықты арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, су-энергетикасы, ақпарат, транзиттік-көлік салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, өңіраралық және шекарамаңы байланыстарын, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты дамыту жайы сөз болды.
null

Екіжақты келіссөздер нәтижесінде тараптар Өзбекстанда өтетін Қазақстан жылы шараларын өткізу жоспарына қол қойды.

Айта кетейік, Ташкентте 15 наурыз күні Орталық Азия елдері премьер-министрлері орынбасарларының қатысуымен Орталықазиялық Бірінші экономикалық форум өтті. Шарада сондай-ақ Орталық Азия аймағы елдерінің мүмкіндіктерін көрсететін тақырыптық презентациялар ұйымдастырылды.

Авторы: Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар