Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті. 

null
Аталмыш шараға Қазақстан жағынан ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қазақ мәдени орталықтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
null

Мерейтойлық шара Мустакиллик алаңындағы Өзбекстан тәуелсіздігі монументі мен Абай ескерткішіне  гүл шоқтарын қоюдан басталды. Сонымен қатар, Республикалық интернационалдық мәдени орталығында тақырыптық конференция ұйымдастырылды. Әрі қарай мерекелік шара этноқалашықта тігілген киіз үйлер мен қазақ мәдениетінен сыр шертетін көрмеде ұйымдастырылған концерттік бағдарламаларға ұласты.
null

Өзбекстандағы қазақ мәдениеті орталығының құрылу тарихы ӨР ғылым академиясы жанынан Қазақ ақпарат орталығы құрылған 1989 жылдан бастау алады. 1992 жылғы қазақтардың бірінші құрылтайынан кейін, ақпарат орталығы Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығына ауыстырылып, 1995 жылдың 31 қазанында ӨР әділет министрлігімен тіркелді. 
null

ӨР республикалық қазақ мәдени орталығының құрамына Қарақалпақстан Республикасы қазақ ұлттық-мәдени орталығы, сондай-ақ  Жызақ, Ноғай, Сырдария, Хорезм, Ташкент облыстық мәдени орталықтары кіреді. 
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар