Өзбекстандағы этникалық қазақтардың кіші құрылтайы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстандағы этникалық қазақтардың кіші құрылтайы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына сілтеме жасап.
Іс-шараны ұйымдастыруға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Отандастар қоры» мен Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты шараны ағымдағы жылдың 21 қазан күні тұңғыш рет онлайн режимінде Өзбекстандағы қазақ диаспорасымен өткізу жоспарлануда.
«Дәстүрге айналған кіші құрылтайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізіп келеді. Соңғы жылдары Ресей, Европа қазақтарының кіші құрылтайы өткен. Биыл бірінші рет пандемияға байланысты Өзбекстандағы қазақтардың кіші құрылтайын онлайын режимінде өткізуді ұйымдастырып отырмыз. Кездесудің басты мақсаты – баурлас Қазақстан - Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени-рухани байланыстарын нығайту. Өзбекстандағы қазақ диаспорасына қолдау көрсету, мәдени - байланысты кеңейту, олардың түйткілді мәселелерін шешу жолдарын қарастыру», - дейді ДҚҚ Төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.
Осы құрылтайға Өзбекстанның Ташкент, Сырдария, Науаи, Бұхара, Хорезм облысы және тағы басқа елдердегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарының басшылары мен ҚР мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам, өнер қайраткерлері қатысады.
- Сайлау-2021: Англиядағы локдаунға қарамастан қазақстандықтар белсенді дауыс беріп жатыр
- Баскетболдан Қытайдың Ұлттық лигасында ойнайтын қандасымыз жоспарымен бөлісті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
- Өзбекстанда барлық мектеп үшінші тоқсаннан бастап толық дәстүрлі оқуға ауысады
- Өзбекстан энергия жүйесіндегі ақаудан еліміздің бірқатар өңірінде жарық сөнді
-
Соңғы жылдарда бәсеңдеп қалған қандастар көшін жандандырамыз - Қасым-Жомарт Тоқаев
-
Өзбекстанда ЖОО-ларды ірі қалалардың шетіне көшіру жоспарлануда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам