Өзбекстандағы әскери қоймада жарылыс болды

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Түнде Өзбекстанның Сырдариядағы әскери қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат gazeta.uz сілтеме жасап.

Оқиғадан е шкім зардап шекпегені айтылуда. Желілерде тараған видеолар мен фотосуреттерден жарылыс толқыны ғимараттардың терезелері мен құрылыстарын зақымдағанын байқауға болады.

«22 қазан күні сағат 04:55-те Сырдария ауданы Мәлік елді мекеніндегі Қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болды. Мұны Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі де растады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ» делінген агенттік хабарламасында.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.


Фото: gazeta.uz





Соңғы жаңалықтар