Өзбекстандағы 5 ЖОО ШҚО университетімен серіктестік орнатпақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өзбекстанның жетекші университеттері металлургия және геология саласы бойынша Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетімен серіктестік орнатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Өзбекстанның 5 университетімен байланыс орнатуда. Аталмыш білім ордасының ректоры Жасұлан Шаймарданов Ташкентте Ақпараттық технологиялар университетінің, И.Кәрімов атындағы Ташкент Мемлекеттік техникалық университетінің, Ташкент Сәулет-құрылыс институтының, Ташкент Автомобиль-жол институтының, Самарқан Мемлекеттік университетінің басшыларымен кездесіп, бірнеше меморандумға қол қойып қайтқан.null

«Өзбекстандық әріптестеріміз металлургия және геология саласы бойынша тәжірибе алмасуға ниет танытып отыр. Ташкент Сәулет-құрылыс институты біздегі кредиттік білім беру жүйесін өздеріне икемдеп көшірмекші. Ал Ташкент Автомобиль-жол институты көлік логистикасын құру бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге мүдделі» - дейді ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов.

Соңғы жаңалықтар