Өзбекстанда жыл басынан бері 250 рет жер сілкінді

None
Фото: ekonomigundemi.com.tr
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың басынан бастап Өзбекстанда және көрші елдердің шекаралас аумақтарында 2,8-ден 6,8-ге дейінгі магнитудалы 250-ден астам жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ сейсмологиялық болжау мониторингі республикалық орталығының өкілдері мәлім еткен.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің жиі болуы Өзбекстан үшін табиғи құбылыс саналады, өйткені ол географиялық жағынан Жерорта теңізі-Азия сейсмикалық белдеуінде орналасқан.

1900 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Өзбекстан аумағында магнитудасы 5-тен асатын 60-тан астам күшті және жойқын жер сілкінісі болды.

Кейінгі 10 жылда күші 6-8 балдық 6 жер сілкінісі тіркеліп, 16 адам қаза тапты, 64 адам зардап шекті, 84 млрд сом экономикалық залал келген.

2011 жылдың 20 шілдесінде эпиорталығы Қырғызстанда болған 6,5-7 балдық жер сілкінісінде 13 адам қайтыс болды. Сол кезде Ферғана облысының кейбір елді мекендеріндегі ескі тұрғын үйлер қираған еді.

21 және 23 наурызда Өзбекстан тұрғындары ошағы Ауғанстан мен Тәжікстанда болған жер сілкіністерін сезінді. Ташкентте олардың күші 5 балл болды.


Соңғы жаңалықтар