Өзбекстанда жол апатынан 9 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы Гузар - Бұқара - Нүкіс - Бейнеу А-380 халықаралық көлік магистралінде болған екі жол-көлік апаты салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлады сейсенбі күні Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің мәліметтерінше, 22 қазан күні А-380 көлік магистралінің екі учаскесінде - Қарақалпақстан автономдық республикасы мен Жизақ облысында күндіз адам өліміне  соқтырған екі жол апаты болды.

Сағат 08:05-те (жергілікті уақытпен сағат 6:05) Қарақалпақстанның Беруний ауданының аумағында Daewoo Nexia мен Chevrolet Cobalt жеңіл көліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік апаты салдарынан бес азамат қаза тауып, тағы бесеуі дене жарақаттарын алды», - делінген ТЖМ-нің Telegram-арнасының хабарламасында. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Сол күні жергілікті уақытпен сағат 10:00-де А-380 күре жолының 333-ші шақырымында, Жизақ облысының Жондор ауданында Chevrolet Lacetti жеңіл көлігі мен Isuzu жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп кеткен.

«Жол апатынан 4 адам ажал құшты», - деп хабарлайды министрліктен.

Қазіргі кезде жол-көлік апаттарының себептері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп қосып өтті ТЖМ-нен. 

Соңғы жаңалықтар