Өзбекстанда жаяу жүргіншілерге бір жылда 4 миллион долларға жуық ақша төленген

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстанда жаяу жүргіншілерге бір жылда 4 миллион долларға жуық ақша төленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның Туризм және спорт министрлігі «Салауатты өмір салты» платформасын пайдаланушылар саны мен осы уақытқа дейін қанша ақша төленгені туралы ақпарат берді.

www.1hls.uz платформасында тіркеуден өткен 18 жастан асқан өзбекстандықтар саны 1,2 миллионнан асып оны пайдаланушылар саны 1 миллион 209 мың 77 адамды құрайды. Оның 757 680-і ерлер, 451 397-і әйелдер.

Министрліктің мәліметінше, платформаны пайдаланушыларға осы уақытқа дейін 43 миллиард 45 миллион 953 мың сум (шамамен 4 миллион доллар) төленген.


Соңғы жаңалықтар