+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

2021 жылғы 29 қыркүйек 10:18
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізілмейді – Білім министрлігі Алматыда коронавирус жұқтырған 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды

Ведомствоның хабарлауы бойынша, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптама келісіміне сәйкес, ата-аналары немесе қараушылары рұқсат еткен жағдайда жасы 12-ден асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде салдырта алады.

«12-15 жас аралындағы балаларға өткізілген Pfizer вакцинасының клиникалық сынамалары жақсы нәтиже көрсетті. Осындай кеңесті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да беріп отыр», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, қыркүйектің ортасында елге Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді. Бұл препарат Өзбекстанда пайдалануға рұқсат етілген бесінші вакцина болып отыр.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда вакцина салу науқаны 1 сәуірден бастау алды. Вакциналау AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna және Pfizer препараттарымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні республикада 4 миллион адам толығымен вакцина алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT