Өзбекстанда валютаның 36 пайызын комбанктердің ұялы қосымшасы арқылы сатып алуда

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда шетел валютасының 36 пайызын коммерциялық банктердің ұялы қосымшасы арқылы сатып алып жатыр. Бұл туралы Орталық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп xабарлайды ӨзА агентігі.

Жеке тұлғалардың ұялы қосымша арқылы шетел валютасын сатып алуы бойынша (онлайн-конверсия) 2018 жылдың сәуірінде енгізілген банк қызметі тұрғындар арасында кеңінен танылды.

Шетел валютасын қашықтықтан сатып алу үшін отандық банкте ашылған xалықаралық төлем картасы, сондай-ақ банктің сәйкес қосымшасы жүктелген смартфон қажет. Бұл қызметті банкке бармай-ақ, тәулік бойы қолдануға болады. Бұл валюталық-айырбастау операциясын арттыруға ықпал етеді.

2018 жылы және 2019 жылдың 4 айында жеке тұлғалар 1,2 млрд доллардан астам шетел валютасын сатып алған. Оның ішінде 432,3 млн доллары, яғни 36 пайызы онлайн-конверсия үлесінде. Бір жылдың ішінде бұл қызметтің үлесі 9-дан 63 пайызға дейін өскен.

Соңғы жаңалықтар