Өзбекстанда вакцина алуға басымдық берілетін тұрғындардың тізімі кеңейтілді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Вакцина алуға басымдық берілетіндердің қатарына 50 жастан асқан өзбекстандықтар кіреді. Бұл шешімді жақында коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«50 жастан асқан адамдарды, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен профессорларын (бұрын 65 жастан асқан адамдарға вакцина алған) тегін вакциналауды кеңейту туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші кезеңде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 65 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар арасында жүргізілді. 31 мамырдан бастап аталған тізім студенттермен (шетелде білім алушылармен), БАҚ өкілдерімен (журналистер мен блогерлер), жазушылармен және телерадиокомпаниялардың қызметкерлерімен толықтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда егу науқаны 1 сәуірде басталды. Вакцина үш препаратпен жүзеге асырылады: AstraZeneca еуропалық вакцинасы, қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 және ресейлік «Спутник-V». Вакциналау басталғаннан бері Өзбекстанда COVID-2,5 вакцинасының 19 миллионнан астам дозасы алынды.


Соңғы жаңалықтар