Өзбекстанда туризм министрлігі құрылды

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – Өзбекстанда Туризм және спорт министрлігі құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпара ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев «Туризм, спорт және мәдени мұра саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, Дене шынықтыру және спорт министрлігі мен Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет негізінде Туризм және спорт министрлігі құрылды. Ол туризм, спорт және мәдени мұра саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік басқару органы болып табылады.

Туризмді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туризм, спорт, мәдени мұра, көлік логистикасы және қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пен цифрландыру жөніндегі үйлестіру кеңесі болып қайта құрылды.
Соңғы жаңалықтар