Өзбекстанда тікұшақ апатынан 9 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Ферғана облысында 18 қазан күні елдің Қорғаныс министрлігінің Ми-171 тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы сәрсенбі күні кешке UzDaily Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Тікұшақ жоспарлы түрде ұшқаны аталып өтілді. Апат салдарынан 3 экипаж мүшесі мен тікұшақ бортында болған 6 әскери қызметкер қаза тапты.  
Қазір әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Соңғы жаңалықтар