+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Өзбекстанда тек туризмді оқытатын университет құрылды

2018 жылғы 25 шілде 11:19
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда тек туризмді оқытатын университет құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президентінің 2018 жылдың 28 маусымындағы қаулысымен құрылған «Жібек жол» халықаралық туризм университеті 2018/2019 оқу жылынан бастап студенттерді оқыта бастайды. Бұл туралы «ӨзА» агенттігі хабарлады.

Осы қаулыға сәйкес, туризм, туризм дизайны, туризм саласындағы маркетинг, туристік қызметтер технологиясы және оны ұйымдастыру, туризмдегі логистика, кәсіптік білім беру, қонақ үй бизнесі, мейрамхана бизнесі, менеджмент бағыттары бойынша университетке 125 түлек қабылданады.

Бұдан басқа, Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің Самарқанд облыстық аумақтық басқармасының өкілдері осы процеске көмек көрсетеді. 23 шілдеге дейін 1177 абитуриент құжаттар тапсырған. Құжаттарды қабылдау 25 шілдеде аяқталады.

Университеттің қызметін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіруді ескере отырып, 2018/2019 оқу жылының оқу процессі 2018 жылдың 1 қазанында басталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT