+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Өзбекстанда тәулігіне 300 мыңнан аса адамға вакцина салынады

2021 жылғы 4 тамыз 13:48
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда тәулігіне 300 мыңнан аса адамға вакцина салынады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Тамыздың басынан бастап Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакциналау қарқыны едәуір өсті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 300 мыңыншы тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алды Нұр-Сұлтан әуежайында және вокзалында вакцинация пунктілері ашылды Қазақстанда вакцина алған қанша адам қайтыс болды

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, тамыздың басынан бері күнделікті вакциналау саны 300 мыңнан асып отыр. Тәуліктік көрсеткіш рекорды 2 тамыз күні тіркелді, ол күні коронавирусқа қарсы вакцинаны 327 628 адам алды.

Бүгінгі күні вакцинаның 8 318 126 дозасы пайдаланылған, олардың ішінде 5 453 534 адам екпенің бірінші дозасын алса, вакцинаның екінші және үшінші компонентін (ZF-UZ-VAC2001 қытай-өзбек вакцинасы үш дозамен салынады) алғандар саны – 2 055 938 және 808 654.

Өңірлердің арасында вакциналау қарқыны бойынша Ферғана (1 045 608), Наманган (1 040 493) және Әндіжан (922 565) облыстары көш бастап тұр.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда вакциналау кампаниясы 1 сәуірден басталды.

Вакциналауда төрт препарат қолданылады: еуропалық AstraZeneca вакцинасы, қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы, ресейлік «Спутник-V» және 1 тамыздан бастап америкалық Moderna вакцинасы.

Республикадағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты коронавируспен күрес жөніндегі арнайы комиссия 17 шілде күні 18 жастан асқан сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету және білім салаларында жұмыс істейтін азаматтарды, сонымен қатар әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін міндетті вакциналау туралы шешім қабылдады.

3 тамыздан бастап Өзбекстанда халықтың жұмыс істейтін бөлігін міндетті вакциналауды құқықтық негізде бекітетін заң қабылданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT