Өзбекстанда Тәуелсіздік күні тойлануда

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Өзбекстанда Тәуелсізідік күні тойлануда. Бұл туралы ҚазАқпарат Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 31 тамызда, таңертең президент Шавкат Мирзиёев Мустакиллик алаңына барып, Тәуелсіздік және ізгілік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай  ел дамуына зор үлес қосқан, әр түрлі  салада жоғары нәтижелерге қол жеткізген бір топ азаматтар ордендермен және медальдармен марапатталды.

Атап айтқанда, «Узбекистон» халықаралық форумдар сарайында наградалар тапсыру салтанаты өтті.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар