USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасының өндірісі іске қосылды

2021 жылғы 13 қазан 09:14
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасының  өндірісі іске қосылды

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» вакцинасының Өзбекстандағы өндірісі іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, «Jurabek Laboratories» ЖШС шығарылатын «Спутник V» вакцинасының 1 және 2 компоненттерінің алғашқы 260 500 дозасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне тапсырылды.

Бұл Өзбекстанда өндірісі жолға қойылған екінші вакцина. Бұған дейін осы компания қытай-өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының жалпы 7 миллион дозасын шығарды, оның 1 458 820 дозасы екпе науқанына жеткізілген.

Осылайша, Өзбекстанда екпе процесінде қолданылатын вакцина 28 473 528 дозаны құрауда.

Олардың:

· 460 мың доза «Спутник V»,

· 986 480 мың доза AstraZeneca,

· 13,5 миллион доза - ZF-UZ-VAC2001,

· 3 миллион 60 доза – Moderna,

· 1,2 миллион доза Pfizer/BioNTech вакцинасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT