Өзбекстанда соңғы 80 жылда болмаған ыстық болып тұр

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - Өзбекстанда ауа температурасы 46 градусқа дейін ыситыны болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап.

Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, 2021 жылдың 3-7 маусымы аралығында Иран аумағынан Өзбекстанға ыстық ауаның келуіне байланысты температура көтеріледі деп күтілуде.

Күндіз ауа температурасы 40-43 градусқа дейін, оңтүстікте және шөлді аймақтардың кейбір жерлерінде 44-46 градусқа дейін көтеріледі.

Еске салсақ, осы аптаның басында Өзбекстанда соңғы 80 жыл ішінде абсолютті максимал температура байқалған болатын. Салдарынан Ташкент метросының жер үсті желісіндегі пойыздар жылдамдығы шектелді.


Соңғы жаңалықтар