Өзбекстанда Шымкенттің туристік мүмкіндіктері таныстырылды

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда Шымкенттің туристік мүмкіндіктерін таныстыратын роуд-шоу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы әкімдігінің туризмді дамыту бөлімінің басшысы Азамат Нұрымбетов шара қонақтарына бүгінгі таңда Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан көне қаланың туристік-инвестициялық әлеуетінің тұсаукесерін ұсынды. Қонақтар мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайы бар тартымды мегаполистің табиғи ландшафты, географиялық ерекшеліктері, мәдени мұрасы туралы айтылды.

«Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы ұйымдастырған роуд-шоу алдымен Ташкентте болды. Бүгін Өзбекстан астанасындағы туризм саласының мамандарымен кездесу өтті. Кездесу бағдарламасында Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылады, соның арқасында 2025 жылға қарай 6 миллион қонақты қабылдау жоспарлануда. Ертең шара Өзбекстанның туристік орталықтарының бірі – Самарқанд қаласында өтеді», - деді Азамат Нұрымбетов сұхбатында.

Роуд-шоу барысында B2B және B2G кездесулері өтті, екі елдің туристік саласы өкілдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

«Біз Қазақстанға үлкен қызығушылықпен қараймыз. Бұл біздің ең жақын көршіміз, туысқан ел. Соңғы жылдары Қазақстанда туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлініп, инфрақұрылымды дамытуға зор қаражат салынды. Қазір онда тарихи-мәдени, гастрономиялық туризм үшін таңғажайып орындар бар. Біз Шымкентке балаларға, достармен бірлесіп баруға, үйлену тойында баруға болатын чартерлік рейстер ұйымдастырамыз. Бүгінгі іс-шара өзбек туроператорларына есік ашады» - деді Manzara Tourism туристік компаниясының басшысы Елена Мирзаева.


Соңғы жаңалықтар