Өзбекстанда шетел валютасына қатысты тәртіптер жеңілдетілмек

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда шетел валютасына қатысты жаңа тәртіп енгізілмек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Өзбекстанда 2018 жылдан бастап 2 мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын әкелуі және сыртқа шығаруы туралы жазбаша түрдегі міндетті декларациялау тәртібі өзгертіледі.

Тиісті жарлыққа 6 желтоқсанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, келесі жылдан бастап коммерциялық банктердің жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын Өзбекстаннан тыс жерлерге алып шығуына рұқсат беруі жойылды. Енді жеке тұлғалар 5 мың АҚШ доллары көлемінде немесе одан аспайтын сомадағы қолма-қол шетел валютасын рұқсатсыз алып өте алады.

Бұл ретте резиденттер белгіленген сомадан көп ақшаны сыртқа алып шығу үшін Өзбекстан Орталық банкінің рұқсатын алуы тиіс. Ал, резидент емес тұлғалардың сыртқа алып өтетін қаржысының сомасы Өзбекстан Республикасына кіру кезінде толтырылған жолаушы кедендік декларациясында көрсетілген сомадан аз болмауы тиіс.

Өзбекстан Республикасына жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын әкелуіне ешқандай шектеу жоқ. 

Соңғы жаңалықтар