+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, тұрғындар эвакуацияланды

2020 жылғы 1 мамыр 23:54
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, тұрғындар эвакуацияланды

ГҮЛІСТАН. ҚазАқпарат - 1 мамырда нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып кеткен. Елді мекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Су қоймасына жақын маңдағы махаллалардың тұрғындары эвакуацияланып, мектептерге, колледждерге, кәсіпорындарға орналастырылды. Олардың бір бөлігіне басқа махаллалардың тұрғындары пана болды.

Ел Президенті Шавкат Мирзиёев апат болған жерге келіп, қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен жүздесті. Ол барлық жапа шеккен адамдарға көмек көрсетілетінін, баспанамен, азық-түлікпен қамтылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, үкіметтік комиссия құрылып, апаттың зардабын жою шаралары қолға алынды. Қазіргі сәтте бөгеттен су ағуы тоқтады. Арнадан асқан су Ақалтын ауданындағы Абай каналымен Жизақ облысындағы Арнасай көліне ағызылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT