Өзбекстанда ресейлік кәсіпорындар саны артты

None
ТАШКЕНТ. ӨзА - Өзбекстанда Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны артып келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2023 жыл 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада жұмыс істейтін шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 13161 болды.

Олар қатарында Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2835-ті құрап, көш бастап тұр.

Өзбекстанда шетел капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны:

Ресей – 2835;

Түркия – 1806;

Қытай – 1763;

Қазақстан – 988;

Корея – 748.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында шетел капиталының қатысуымен жаңадан құрылған кәсіпорындардың саны:

Ресей – 151;

Қытай – 65;

Түркия – 40;

Қазақстан – 34.


Соңғы жаңалықтар