Өзбекстанда рекорд үшін палау пісіру оқиғасынан дау шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкенттің орталығында Гиннес рекордтар кітабының өкілдерінің қатысуымен өткен әлемдегі ең үлкен палау пісіру іс-шарасының соңы дауға ұласты, деп хабарлайды Ц-1 порталы.

Бұған дейін хабарланғандай , 50 аспаз бір қазанда 7 тонна 360 келі палау пісіріп, жетістіктерін Гиннестің рекордттар кітабына жаздырған еді. Ала шапанды ағайындардың ұлттық асы 8 қыркүйек күні «Өзбегім» (O'zbegim) деп аталатын дәстүрлі мәдени фестиваль кезінде әзірленді.

Палауды тарату орны алдын ала дұрыс ұйымдастырылмағандықтан, кезек кептеліске айналды. Қонақтар бұл палаудан бірінші болып дәм татқылары келіп, үлкен қазандарды атойлап алға ұмтылған. Жиналған жұрттың арасында балалар да болған.

Басқаруға көнбейтін жұрт жолында кездескен  заттарды қиратып өткен. Сол күні-ақ әлеуметтік желілерде өздерінен кейін тау болып үйілген қоқыс пен езіп тастаған жеміс-жидектердің видео жазбасы тарап кетті. 

Соңғы жаңалықтар