Өзбекстанда президенттікке үміткерлер тіркелді

None
Фото: saylov.uz
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 9 шілдеде өтетін кезектен тыс президент сайлауына 4 кандидаттың ресми тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

ОСК-ның сарапшы топтары партиялардың 31 мамырдан 2 маусымға дейін кандидаттарды қолдау үшін дауыс жинаған парақтарын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған құжатта қол жинау парақтары заңнамаға сәйкес және жеткілікті мөлшерде екені айтылған.

ОСК-ға кандидаттарды тіркеу туралы түскен өтініштер негізінде президенттікке мынандай үміткерлер тіркелген:

Халықтық-демократиялық партиядан – Ұлықбек Ілиясович Оноятов;

Либерал-демократиялық партиядан (ӨзЛиДеП) – Шавкат Миромонович Мирзиёев;

«Адолат» әлеуметітік-демократиялық партиясынан – Робахон Ануаровна Махмудова;

Экологиялық партиядан – Абдушүкір Худойкулович Хамзаев.

«Миллий тикланиш» партиясы өз кандидатурасын ұсынудың орнына Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасын қолдайтынын мәлім етіп отыр.

Осылайша ОСК шешімімен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 7 маусымда басталатын болды. Кандидаттарға республикалық және өңірлік телерадиоарналардан тегін эфир уақыты мен баспа басылымнан ақысыз орын ұсынылмақшы.


Соңғы жаңалықтар