+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өзбекстанда президенттік сайлауға 300 миллиард сом жұмсалады – Орталық сайлау комиссиясы

2021 жылғы 17 маусым 09:55
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда президенттік сайлауға 300 миллиард сом жұмсалады – Орталық сайлау комиссиясы

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысында 300 миллиард сом көлемінде (шамамен 12 млрд 52 млн теңге) президенттік сайлауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар сметасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл әкіміне үміткерлердің кейбірінің дипломы жалған болып шыққан Ауылда тұрған әкім халықтың жағдайымен тікелей таныс болады – Мәлік Мырзалин Атырау облысында сайланған 18 ауыл әкімінің көпшілігі – партия мүшелері

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 14 округтік сайлау комиссиясының әрқайсысы 56,9 млн сом, 10,8 мың учаскелік сайлау комиссиясы 11,8 млн сом алады.

Сайлаушы округтар мен учаскелерге бөлінген қаражаттың 80%-ы айлық, өтемақы және бірыңғай әлеуметтік төлем төлеуге жұмсалады.

Сайлау комиссияларының қызметкерлерін дайындау мен оқытуға 18,4 миллиард сом жұмсау жоспарланып отыр. Сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлаушылардың өздерін жеке қорғану және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінген.

Еске сала кетейік, Өзбекстан президентінің кезекті сайлауы осы жылдың 24 қазанында өтпек. Ол Өзбекстан тарихындағы алтыншы тікелей президенттік сайлау болмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT