Өзбекстанда парламент сайлауының нәтижесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан Республикасы парламентінің Заң шығарушы палатасы және халық депутаттары жергілікті кеңестерінің депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мырза-Ұлықбек Абдусаламовтың мәлімдеуінше, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі заң шығару палатасына Өзбекстан либерал демократиялық партиясынан 43 депутат сайланып, парламентте басымдыққа ие болды.

Сондай-ақ парламентке «Милий тикланиш» демократиялық партиясынан - 35 депутат, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан - 21 депутат, Халық демократиялық партиясынан - 18 депутат, Өзбекстан Экологиялық партиясынан - 11 депутат сайланған.

Сайлау барысын 1150 шетелдік БАҚ өкілі бақылап отырған.

ОСК мәлімдеуінше, 22 сайлау округінде қайта сайлау өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар