Өзбекстанда палау басудан рекорд орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте палау басудан рекорд орнатылды. Бұл жолы аспаздар бір қазанда 7 тонна 360 келі палау пісіріп, жетістіктерін Гиннестің рекордттар кітабына жаздырды, деп жазады Хабар 24.kz.

Асты әзірлеу үшін бір жарым тонна қой еті, 1 тонна 900 келі күріш, 2 жарым тоннадан астам сәбіз бен 220 келі пияз қосылған. Бұдан бөлек, бірнеше дәмдеуіш түрлері тағы бар. Ала шапанды ағайындардың ұлттық асы «Өзбегім» (O'zbegim) деп аталатын дәстүрлі мәдени фестиваль кезінде әзірленді. Оны пісіруге елдің түпкір-түпкірінен 50 аспаз атсалысқан. Ал дайын болған дәм фестиваль қонақтарына балалар және қарттар үйіне таратылды.

«Осы палауды көру үшін Бекабад қаласынан арнайы келдім. Өзіммен бірге отбасымды, немерелерімді де ертіп алдым. Әрқашан асымыз көп, жұртымыз тыныш болсын. Ал мемлекетіміз гүлдене берсін»,-деді фестиваль қонағы Каримджон Абдураззоков.

Соңғы жаңалықтар