+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Өзбекстанда Орталық Азия жолаушыларын тасымалдау мәселесі талқыланды

2020 жылғы 14 ақпан 11:25
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда Орталық Азия жолаушыларын тасымалдау мәселесі талқыланды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан ұшақ паркін ұлғайтпаса, әуе тасымалы нарығын Қазақстанға беруі мүмкін. Бұл туралы Ташкентте Uzbekistan Airports, Aviation & Logistics Forum» (UAALF-2020) халықаралық авиациялық форумда Өзбекстан Республикасының вице-премьері Азиз Абдухакимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Өзбекстанның халық саны 34 млн адамды құраса, Қазақстанда тек 18 млн адам тұрады. Алайда, Қазақстанда қазіргі уақытта 100-ден астам ұшақ бар, ал бізде – 29. Біз 5 ұшаққа алдын ала тапсырыс берсек, Қазақстанда бұл көрсеткіш 58 ұшақты көрсетіп отыр. Осылайша, таяу жылдары оларда 160 ұшақ болады, сондықтан біз мұны ойлауымыз керек. Егер ұшақтар санын көбейтпесек, нарықты береміз», - деп атап өтті А.Абдухакимов.

Форумның тағы бір спикері – Өзбекстан Республикасының вице-министрі және елдің көлік министрі қызметін қоса атқарушы Эльер Ганиевтің айтуынша, Өзбекстан «Humo Air» жаңа әуе компаниясы үшін ұшақтар сатып алуды жоспарлап отыр. Ол Өзбекстан өңірлері арасында және Орталық Азияда жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Бұл әуе компанияны жабдықтау үшін жаңа ұшақтарды, соның ішінде ресейлік және бразилиялық «Sukhoi» және тиісінше «Embraer» ұшақтарын өндірушілермен сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, туризм саласын дамыту және бизнес-қызмет көрсету үшін «Uzbekistan Helicopters» компаниясы жеткізушілермен батыс үлгісіндегі жаңа тікұшақтарды сатып алуды талқыламақ.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT