Өзбекстанда «Мир» картасына қызмет көрсету тоқтатылды

None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - 2022 жыл 23 қыркүйектен бастап Өзбекстанда «Мир» карталарына қызмет көрсету техникалық себептерге байланысты тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

«UZCАRD» банкаралық төлем жүйесініің хабарлауынша, карталарға қызмет көрсетудің тоқтатылуының себебі - төлем жүйесінің қатысушысы тарапынан қажетті техникалық процедуралардың жүргізілуі.

Баспасөз қызметі сондай-ақ Uzcard-Mir ко-бейдж карталары Өзбекстан аумағында тұрақты режимде жұмыс істейтінін, бірақ шетелде жұмыс істемейтінін атап өткен.

Өзбекстанда «Мир» картасын мына банктер айналысқа шығарған еді:

- «Aloqabank»

- «Mikrokreditbank»

- «Milli bank»

- «Turon Bank»

- «Xalq banki»

- «Qishloq Qurilish Bank»


Соңғы жаңалықтар