Өзбекстанда миллион долларлық банкнотты сатпақшы болған адам ұсталды

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзАА-ҚазАқпарат – Өзбекстанда миллион долларлық банкнотты сатпақшы болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзАА-ға сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының департаменті жедел іздестіру шаралары барысында миллион долларлық банкнотты 10 мың АҚШ долларына сатпақ болған ер адамды ұстады.

Банкнот кәдесый болып шықты және оның ешқандай құны жоқ.

Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғаммен байланыс және құқықтық ақпарат басқармасының бастығы Хает Шамсутдиновтің айтуынша, ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар