+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Өзбекстанда Қызылорда облысының өнер күндері өткізіледі

2019 жылғы 13 тамыз 13:24
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда Қызылорда облысының өнер күндері өткізіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы мәдениет саласының өкілдері Өзбекстан Республикасына аттанып кетті. Мәдениет майталмандары көршілес елде Қызылорда облысының өнер күндерін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақындар адалдық пен патриотизмді жырлады - Көкшетау Алматыда тарихшылардың VІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті Сарыағаш ауданында «Түркістанның рухани керуені» кездесуі өтті

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Осының нәтижесінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамытуға мән беріледі. Сондай-ақ, Қызылорда облысы өнері мен Сыр сүлейлерінің шығармашылығын насихаттауға назар аударылады.

Өнер күндері аясында Ташкентте Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Рақымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклін жергілікті жұртшылық назарына ұсынады. Мәдени шара барысында қызылордалық суретшілердің көрмесі, Науаи қаласында Қызылорда облысы өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Өзбекстанның қазақтар көбірек мекендеген Тамды, Үшқұдық, Конимех аудандарында облыстық филармонияның дәстүрлі орындаушыларының экспедициялық концерті өткізіледі жоспарланып отыр.

Қызылорда облысының Өзбекстандағы өнер күндері 13-19 тамыз күндері өткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT