Өзбекстанда қылмыс жасаған 17 шетел азаматына рақымшылық жасалды

None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарт - Өзбекстан Республикас президенті Шавкат Мирзияев Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне шын өкінген және түзелу жолына қадам басқан бір топ адамдарға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлыққа сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бабының 23-тармағына сәйкес жасаған қылмыстары үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және пробация органдарында жазасын өтеп жатқан және жасаған әрекетіне шын өкініп, шешімді түрде түзелу жолына нық қадам басқан 402 адамға кешірім жасалды.

Рақымшылық жасалғандардың 128-і негізгі жазадан толық босатылса, 201-і жазаны өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды және 15-і жеңілірек жазаға ауыстырылды. Сондай-ақ 58 адамға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы қысқартылды.

Кешірім жасалғандардың 17-сі шетел азаматы, 63-і әйел, 26-сы 60-тан асқан, 19-ы тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан адамдар.


Фото: uza.uz

Соңғы жаңалықтар