Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсе бастады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны соңғы күндерде күрт өсе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің Telegram-арнасы бүгін жергілікті уақытпен 10:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00) 139 адам індет жұқтырғанын растады. Ауырғандардың жалпы саны 44 мың 557-ге жетіп отыр.

Соның 41 мың 898-і жазылып шыққан. Дәл қазір елде 2 297 адам емделіп жатыр, олардың 402-сі ауыр жағдайда, тағы 226-сы хал үстінде жатыр.

Өзбекстанда кеше күні бойы 443 адамның вирус жұқтырғаны расталған. Соның 132-сі сағат 10:00-ге дейін тіркелген. Ал 7 қыркүйекте жалпы 312 жағдай тіркелген, соның 112-сі таңғы онға дейін анықталған.


Соңғы жаңалықтар