+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина 3 рет егіледі

2021 жылғы 8 сәуір 09:55
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина 3 рет егіледі

ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - Өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үш рет егіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Астанадағы «Mega Silk Way» СОСО-да коронавирусқа қарсы вакцинация басталды Коронавирусқа қарсы отандық вакцина өндірісі сәуірдің соңына қарай басталады Ақтөбеге қосымша 20 мың доза вакцина жеткізілді

Өзбекстан мен Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын үш рет қабылдағаннан кейін азаматтар толық вакцинацияланған болып саналады.

Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Батыр Қурбановтың елдегі вакцинация жағдайы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Оның айтуынша, Өзбекстанда 3-кезеңдік клиникалық сынақтардан сәтті өткен Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясы мен өзбек мамандары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады. Ал, AstraZeneca вакцинасын екі қабылдау керек.

Азаматтар қай вакцинаны алуын өзі таңдай алады.

Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағындағы жаппай вакцинация аясында 1,66 млн доза мөлшердегі вакцина қолданылуда.

Соңғы дерек бойынша Өзбекстанда вакцина алғандардың жалпы саны 49 мыңға жеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT