Өзбекстанда коронавирус жұқтырушылар саны артты

Фото:
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда қараша айының аяғынан бері COVID-19 жұқтырушылардың көбеюі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 желтоқсанда елде коронавирус жұқтырудың 156 жағдайы тіркелген. Бір күн бұрын олдардың саны 159 болса, 30 қарашада 154 науқастан, 29 қараша 141 науқастан коронавирус анықталған.
Өткен екі айда анықталған тәуліктік көрсеткіш 20-25 адамнан аспаған еді. Сондай-ақ, қазір Өзбекстанның барлық аймағында коронавирус инфекциясының таралу аймағы кеңейді. Бұған дейін коронавирус негізінен Ташкент облысында және ел астанасында анықталған.
2020 жылдың наурызынан бері Өзбекстанда 246 мың COVID-19 жұқтыру жағдайы анықталды, 1637 адам коронавирустан көз жұмған.
Бұған дейін Өзбекстанда тұмау мен жедел респираторлық аурулар коронавируспен аралас инфекция ретінде анықталғаны хабарланған болатын. Науқастардан Stealth-Omicron BA.5 штамы анықталды. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермес үшін бүкіл ел бойынша коронавирустың, тұмаудың және ЖРВИ-дің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі штабтар құрылды.

Фото: medar86.ru


Соңғы жаңалықтар