Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, антирекорд орнады

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскені байқалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 21 сәуірде Өзбекстанда 384 адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. Бұл 2021 жылғы жаңа антирекорд. Қазір елдегі тіркелген коронавирус жұқтырған азаматтар саны 87 935-ке жетті.

Аймақтар арасында ең көп вирус жұқтыру көрсеткіші Ташкенттен кейінгі (207 адам) кезекте Самарқанда байқалған – 73 адам.

21 сәуірде 290 кісі індеттен сауығып, бүгінге дейін аурудан айыққандар саны 85 007 (97 пайыз) жеткен.

Қазіргі уақытта республикада 2288 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 238-ның жағдайы ауыр, 113 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.


Соңғы жаңалықтар