Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда соңғы аптада COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 қарашада елде коронавирус 92 адамнан анықталды. Бір күн бұрын коронавирус жұқтырған 69 науқас, 16 қарашада – 61, 15 қарашада – 48, 14 қарашада 21 адам тіркелді.

Өткен екі айда анықталған науқастардың тәуліктік көрсеткіші 20-25 адамнан аспаған еді.

Сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралу географиясының кеңеюі байқалады. Ол қазір Өзбекстанның жеті облысы мен астанасын қамтиды. Бұған дейін коронавирус негізінен Ташкент облысы мен ел астанасында анықталған.

Жалпы, 2020 жылдың наурыз айынан Өзбекстанда COVID-19 індетінің ресми расталған 245 мың жағдайы тіркеліп, салдарынан 1 63 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар