Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 38 мыңнан асты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 38 мың 412-ге жетті. Бұл туралы елдің денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі Telegram каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 тамыз күні, жергілікті уақытпен 10:00-де 157 адамнан вирус табылған, кешкі 17:00-де тағы 181 жағдай расталған. Соның 169-ы Ташкент қаласында, 8-і Ташкент облысында, екеуі Сұрхандария облысында, біреуі Қарақалпақстан Республикасында, тағы бірі Жызақ облысында тіркелген.

Коронавирус індетімен ауырған 34 мың 351 адам (жалпы деректің 89 пайызы) жазылған.

Осы індеттен көз жұмғандардың жалпы саны – 265.


Соңғы жаңалықтар