Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 37 адамға жетті

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны артуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, ел аумағында коронавиурс инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінгі күні 37 адамға жетіп отыр. Қазіргі уақытта ол науқастардың барлығы Өзбекстан астанасында. Күні кеше ғана коронавирус індетімен күрес аясында Ташкентте үш аурухана салу жоспарланып отырғандығы белгілі болды.

Бұған қоса, ел аумағында вирустың таралуымен күресу мақсатында Өзбекстан Президенті Қаржы министрлігінің жанынан қаржы көлемі 10 трлн сум (1 млрд 51 млн АҚШ доллары) болатын Дағдарысқа қарсы қор құруды, сонымен қатар бизнесті, қаржылық тұрақтылықты және әлеуметтік саланы қолдау үшін бірқатар шараны мақұлдады.


Соңғы жаңалықтар