Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 6 адам ауыр халде жатыр

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда тәулік бойы 84 адам коронавирус жұқтырған. Қазірде науқастардың жалпы саны 2939 кісіге жетті, деп жазады ӨзА.

Бүгінгі жаңадан вирус жұқтырған науқастардың 44 - шетелден келген азаматтар, 40 - карантинде болған азаматтар.

Сондай-ақ бүгін 34 азамат індеттен сауығып ауруханадан шыққан. Олардың қатары 2372 кісіге жетіп, 13 кісі қаза болған. Қазірде республикалық ауруханаларда 554 науқас дәрігерлер бақылауында қалған. Ондағы 6 ауру жанның жағдайы ауыр.

Еске салар кетсек, Өзбекстанда алғашқы коронавирус індеті 15 наурызда тіркелген еді. Науқас 11 наурызда Парижден оралған ташкенттік дәрігер болатын.


Соңғы жаңалықтар