Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 10 пациенттің жағдайы ауыр

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 11 маусым кешкі қорытынды мәлімет бойынша, Өзбекстанда 118 кісінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Елдегі науқастардың жалпы саны саны 4741-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ кеше 105 азамат індеттен сауығып шыққан болатын. Дерттен емделгендер саны сол арқылы 3637 адамға жетіп отыр.

Коронавирус тіркелгелі 19 сырқат қайтыс болды.

Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 1085 науқас ем алып жатыр.

Олардың арасында 10 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде екеуі өте ауыр халде.


Соңғы жаңалықтар