Өзбекстанда коронавирус бойынша эпидемиялық ахуал оңалып келеді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сай, 20 желтоқсан күні 124 адамнан вирус анықталған, бұл – маусымнан бергі ең төмен көрсеткіш. Ол кезде елде пандемияның кезекті толқыны басталған болатын.

Маусым-тамыз айларында тәулігіне 800-1000 адам вирус жұқтырғанын айта кету керек. Қыркүйек-қазан айларында ахуал жақсарды, ол кезде тәулігіне 400-ге дейін жұқтыру жағдайы анықталған еді.

«Коронавирустан емделіп шыққандар қатары 194 212 немесе 98%-ға жетті. Қазіргі кезде 1 715 адам ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады министрліктен.


Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар