Өзбекстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 ақпанда 191 адамда коронавирус инфекциясы анықталған, бұл 146 жағдай тіркелген 5 қаңтардан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Айта кетейік, қаңтар айының ортасынан бері вирус жұқтыру көрсеткіші күніне 1000-1400 адам деңгейінде болды. Ақпанның бірінші онкүндігінде жағдай жақсарып, COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны тәулігіне 500-ге дейін түсті.
«2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 235 063 (+191) адамды құрады. Жалпы сауығып кеткендердің саны 224458 (+1382), сауығу көрсеткіші 95 пайызды құрап отыр», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Авторы: Мәдібек Жәнібеков

Соңғы жаңалықтар