Өзбекстанда Көне түрік қағандығы дәуірінен қалған жерлеу орны табылды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Aрхеологтар Өзбекстанның астанасы Ташкенттің солтүстік шығысында Тәңіртаудың батыс жағындағы таулы аймақта VI-VII ғасырларға тиеселі деп белгіленген Көне түрік дәуірінен қалған жерлеу орнын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат twesco.org сайтына сілтеме жасап.

Taшкент Халықаралық университетінің маманы Скот Бэкердің айтуынша көне жерлеу орны жауын-шашыннан кейін анықталған. Өзбекстан Ғылымдар академиясы Ұлттық археология орталығы берген мәлімет бойынша табылған бас сүйек және керамикалық ыдыстармен бірге географиялық аймағы, жалпы аумағы және жерлеу орнының пішінін зерттеу үшін бір күндік сараптау жұмыстары жүргізілді.

Археологиялық қазба нәтижесінде ыдыс-аяқ, темір қылыш, пышақ, үзеңгі, шеге, жеңіл тастар мен темір табылған. Б.з. VI ғасырында орталықтандырылған саяси жүйеде Түркістан аумағындағы барлық түркілердің басын қосқан Көне түркі қағандығы болатын. Қара теңізден Тынық мұхитына дейінгі алып кеңістікте Түркі қағандығы деп аталған алпауыт империя құрылған. Осы империя дәуірінде Ташкент жері Шаш деп аталып, әкімшілік орталықтардың бірі болған. Шығыс пен батысты байланыстыратын сауда жолдарында орын алған көне Шаш аймағы қолайлы ауа-райы, ауыз суының молдығы, құнарлы топырағы, бай жерімен көне тұрғындарды қызықтыратын. Taшкент аймағында табылған осындай сирек олжаның археологиялық маңызы зор. Өзбек-түркі тарихы мен географиялық аумақ тұрғысынан жаңа мәліметтер ұсынуда. Сол себепті Ұлттық археология орталығында батыс Тәңіртаудағы көшпелі өркениетті зерттеу үшін арнайы топ құрылды.

Соңғы жаңалықтар