Өзбекстанда концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Өзбекстанда коронавирусқа байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талаптар жеңілдетілді. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызмет үшін рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді.

- Концерттік залдардағы көрермен сыйымдылығын ескере отырып, олардың санын 50% -дан аспайтындай жағдайда ұйымдастыру;

- Қашықтықты сақтай отырып, көрермендер отыратын концерт залдарын пайдалануды қамтамасыз ету және арақашықтықты сақтау үшін қажетті орындарды белгілеу;

- Концерт залдарына келген көрермендер мен қызмет көрсетушілер міндетті түрде маска тағуы керек.

Сонымен қатар, осы шешімге байланысты Республикалық арнайы комиссия 8: 00-ден 23: 00-ге дейінгі уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеуді алып тастады.


Соңғы жаңалықтар