Өзбекстанда көлік қозғалысы толық тоқтатылды

None
None
ТАШКЕНТ. ӨЗА-ҚазАқпарат - Арнайы республикалық комиссияның шешіміне сәйкес 25-26 шілдеде (сенбі, жексенбі) Өзбекстан аумағында көлік қозғалысы толық тоқтатылды. Тіпті таксидің жүруіне тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Кезекті видеоселекторлық жиналыста Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиев Арнайы республикалық комиссияның карантин шектеуін ұзарту туралы ұсынысын қолдаған болатын. 25 шілдеде сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 19 653 адамға жетті. Бір күнде аурулармен байланыста болған және тест тапсырған 293 адамнан коронавирус табылды. Ташкентте - 242, Сырдария облысында - 36, Қарақалпақстанда – 8, Науой облысында 8 адам инфекция жұқтырғаны анықталды.

Қазір елде 10 472 адам (54 пайыз) коронавирустан жазылды. 9 074 сырқат белгіленген стандарт бойынша емделіп жатыр, оның ішінде 138-інің жағдайы ауыр, ал 40-ының өте мүшкіл халде екені хабарланды.



Соңғы жаңалықтар