+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Өзбекстанда киім дүкені өртке оранды

2020 жылғы 11 қазан 14:30
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда киім дүкені өртке оранды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Ташкент қаласындағы киім дүкендерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Телеграмдағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы қаласынан 145 шақырым қашықтықта жер сілкінді Нұр-Сұлтанда көпірден суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды 2 жігіт құтқарды Ақмола облысында екі көлік соқтығысып,  бір адам көз жұмды, бес адам ауруханаға түсті

«11 қазан күні сағат 08:50-де Ташкент ТЖБ кезекші бөліміне «Uchtepa Outlet Centre» киім дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Отқа оранған дүкен Учтепин ауданы, «Фархад» көшесінде орналасқан. ТЖМ құтқару жасақтары оқиға орнына 3 минутта келді. Дереу әрекет етудің нәтижесінде сағат 09:54-те өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда», - деп жазды Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі телеграмдағы ресми парақшасында.

Өзбекстан Республикасы ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіруге 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған. Ал қызыл жалын шарпыған аумақ 1500 шаршы метрді құрайды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT